Skip to content

Жоба туралы

Born Nomad

Born Nomad — 2021 жылдың 21 маусымында АҚШ-тың Қазақстандағы Дипломатиялық миссиясы бастаған, әйелдер кәсіпкерлігін қолдауға, дәстүрлі қолөнерді шетелдік нарықтарда ілгерілетуге және шығармашылық индустрияларды дамыту арқылы мәдени мұраны сақтауға бағытталған жоба.

Born Nomad

Номад — бұл еркіндік

Көшпенділер үнемі қозғалыста болды: олар қолөнерді дамытып, білім жинап, тәжірибе алмасып, өзіндік дүние жасады. Уақыттың жылдамдығына қарамастан, мұның бәрі бізбен бірге қалды. Born Nomad Қазақстан қолөнершілерінің білімін біріктіру, олардың шығармашылығын ел ішінде және шетелде таныстыру, коммерциялық байланыстар орнатуға көмектесу және дәстүрлі қолөнер мен мәдени мұраға деген қызығушылықты жаңғырту үшін дүниеге келді.

Жобаның мақсаттары

  1. 01 Қолөнершілердің қарым-қатынасы үшін ұлттық, өңірлік және халықаралық мүмкіндіктерді кеңейту
  2. 02 Қолөнершілерге табыс әкелетін және жұмыс орындарын ашатын коммерциялық байланыстарды көбейту
  3. 03 Сәулет, интерьер дизайны, сән, тоқыма дизайны, бейнелеу және орындаушылық өнермен коллаборацияға арналған алаң құру

2021 жыл

  1. 21 маусымЖобаның басталуы, Power Awards байқауы мен оқыту бағдарламасының старты
  2. 27 тамызОқытудың аяқталуы: 404 түлек сертификат алды
  3. 31 тамызӨтінім қабылдаудың аяқталуы: 360 қатысушы
  4. 28 қазанТүркістандағы Power Forum және жеңімпаздарды жариялау

Команда

[Жоба командасы]

Қолдау көрсеткендер

Жобаны 2021 жылы АҚШ-тың Қазақстандағы Дипломатиялық миссиясы бастады

  • Chevron KazakhstanДемеуші
  • ExxonMobil KazakhstanДемеуші
  • «Атамекен» ҰКПБас серіктес